Хабарландыру » Бақанас мектеп - интернаты
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің
«Бақанас мектеп – интернаты»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-91-4-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 73-95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2022

Хабарландыру

Хабарландыру

2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау!
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар! «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің «Бақанас мектеп – интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды. 
1-сыныпқа болжам 15 оқушы. 1 сыныпқа өтініштер қабылдау 1 сәуір-1 тамыз аралығында жүргізіледі.
1 сыныпқа қабылдау egov.kz порталы арқылы іске асырылады( өтінішті үйден электрондық сандық қол арқылы жолдауға болады). 1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерлік көшірмелерін жүйеге бекіту қажет.
1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:
1. Ата-аналардың өтініші ( немесе оларды алмастыратын тұлғалар)
2. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
3. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
4. 3х4 көлеміндегі 2 фото
Назар аударыңыздар!
Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды салған жағдайда сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды. Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады. Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтініш қарастыруда болса, өтініш қайтадан беру мүмкіндігі болмайды. Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке құжаттардын түпнұсқаларын ұсыну қажет.Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмері,электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон номеріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.
Мекен-жайымыз: Бақанас ауылы, Байшіков көшесі 6 А
Мына телефон номірлеріне хабарласыңыздар: 8 (72773) 91-4-35