20
ноябрь
2017
Тарих қойнауына саяхат
Жақында Бақанас мектеп–интернатының директоры Күлаш Ахмадиеваның ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушыларын «Таңбалы тас» тарихи–археологиялық аймағына саяхатқа шығып қайтты.Осы «Жетісу» аймағын «Алтын бесік» деп бекерге айтпаған. Бір күндік саяхаттан көңілімізге талай қажетті нәрсені түйіп қайттық десек артық емес.Тарихи деректерге сүйенсек, өте ерте кезден өңірдің жергілікті халқы жартылай көшпенді, жартылай отырықшы өмір салтын кешкен, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Іле өзенінің екі жағы да шөбі шүйгін, шұрайлы жер екені көрініп тұр.
Біздің ауданның жері далалы болып келгендіктен, мұндағы таулы жартастарға қарап ерекше әсерде боласың. Жол бойындағы кең жазира далада құлпырған қызғалдақтар көздің жауын алады. Осынау туған жердің табиғатын тамашалағанға не жетсін?! Қымқуыт тіршіліктің қайнаған ортасында жүріп, өз жеріміздің қадір-қасиетін көп байқай бермейміз.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ»,-демекші өз маңымызда осындай керемет жердің, ата-баба мекенінің бар екенін естісек те көзбен көрген бір ғанибет екені даусыз. Атақты «Тамғалы тас» шатқалына да келіп жеттік.
29 оқушыны Оразымбет Әйгерім, Бекбосынова Рима, кітапханашы Жанна Шулгаубаева, Ахметов Қайнар, Көшкінбаев Олжас, Нұртай Назерке атты мұғалім-тәрбиешілер бастап алып жүрді. Далалы жермен келе жатып, сайды бойлай отырып таулы-төбелі шатқалға кіргендегі таң-тамаша болғанымызды жасыра алмадық. Бір киноға кіріп кеткендей әсер алдық. Биік құзды жартастар, ондағы тайға таңба басқандай таңбаларды, сұлу табиғатты көріп тамсандық. Бұл жердегі тас ескерткіштер бізге қола дәуірінен жеткенін байқаймыз.
1950 жылы Алматы қаласының маңындағы Тамғалы мекенінен сол кездегі адамдардың өмірі мен тұрмысынан хабар беретін, 1000-ға жуық жартасқа салынған суреттер табылған. Іле өзенінің екі жағасы да темір дәуіріне жататын сақ, үйсін тайпаларының ескерткіштеріне толы. Әсіресе, «Патша қорғандары» көп. Тарихымыздан сыр шертетін осы құнды ескерткіштерімізден көп нәрсені ашуға болады. Сол кездегі қазақ елінің мәдениеті де бізге талай сырды ақтарып тұрғандай. Мұнда тіпті, атақты «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек пен Төлеген» «Жаужүрек мың бала» сияқты тарихи кинолардың сюжеттерін түсіргенін білдік. Осы жартастағы будданың бейнесі сол кездегі жоңғар шапқыншылығының біздің жерге баса көктеп келгені, осы жерде талай шайқастар болып жаудан елін, жерін қорғаған батырларымыз жайлы да айтып тұр. Жоңғарлардың будда құдайға табынғандығына айғақ осы жартастағы петроглифтер.
Бұлар сол кездегі тарихтың үнсіз қалған тас бейнелері, сол кездің тас куәлары. Үнсіз тұрсада бізге талай шындықты, талай оқиғаны паш етіп тұрғаны даусыз. Біз өз туған жеріміздің тарихын білуіміз қажет, әсіресе келер ұрпақ өз елінің нағыз патриоты болып өсуіне барлық мүмкіншілікті пайдалана отырып олардың бойында туған жер мен туған елге деген махаббатты ояту керек. Оқушылар жартастардың басына шығып, таңбаларды көріп бір керемет әсерде болды. Сонымен қатар сансыз сұрақтарға жауап та ала алды. Сұлу табиғатты тамашалай отырып, асыр салып ойнап әрі демалыс, әрі ата-бабалардың өткеніне, ежелгі өмірге саяхат жасап, «Құлақпен естігенше, көзбен көр», - демекші жақсы сабақ алды деп ойлаймын. Екі ортадағы Іле өзені де талай тарихи оқиғалардың куәсі болып, күміс суына бар құпияны жасырғандай тып-тыныш момақан күйде ағып жатыр.Төбеде ұшқан қарақұстар ұяларын биік жартастың ұшар басына салып, жүрген адамдарға тамсанғандай, тыныштығын бұзғанға шаңқ-шаңқ етіп қояды. Біз осы бір күнді мәңгі есте қалатындай етіп суретке түсіп кеуде қуаныш пен шаттыққа, толып қимай-қимай қош айтысып кете бардық.
Осындай саяхаттар жиі-жиі болып тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Мектеп директорына шексіз алғысымызды айтып аулымызға қайттық.