Жоспарлар » Бақанас мектеп - интернаты
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің
«Бақанас мектеп – интернаты»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-91-4-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 73-95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2022

Жоспарлар


Түсінік хат

    «Ертегілер елінде» курсының  басты мақсаты - оқу және жазу дағдылары қалыптасқан,  алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген,  байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасу мен дамуына мүмкіндік жасау.

«Ертегілер елінде» курсының  міндеттері:

  • оқушының тілін дамыту жұмыстарын  ұйымдастыру;
  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
  • сөйлеу әрекеттерінің түрін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
  • оқушының бойында адами құндылықтарды:  қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Өзектілігі мен маңыздылығы

Ертегілер арқылы оқушылардың зейінін тұрақтандырып, танымдық қаблеттерін жоғарлату.Ұйымдасқан әр түрлі әрекеттерге белсенді қатыстыру.

Сондықтан оларға арналған оқыту үрдісінің өзіндік ерекшеліктері болуы керек. Білім мазмұнының көлемі шағын,  құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үрдісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет.

Тіл дамыту жүйесінде ұйымдастырылатын сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетін психологиялық ерекшеліктеріне байланысты құрылғаны абзал.


Күтілетін нәтиже

        Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже: 

-дыбыс пен әріптің негізгі ерекшеліктерін

дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады («дауысты дыбыстар әндетіліп, созылып айтылады, ауа кедергісіз шығады»).

- сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы;

 -Сөз, сөйлемнің шегін таба алады,сөзді буынға бөледі;

 -саналы, дұрыс, бірқалыпты буындап және тұтастай минутына 75-80 сөз оқиды (белгілерімен қосқанда)

-мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуға дағдыланған;

-монолог, диалог арқылы берілген синтаксистік құрылымдағы хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі;

 -тірек сөздер,сюжетті картиналар арқылы әңгіме құра алады;

-мәтіннің берілген басы мен соңы арқылы мәтін,диалог құрастырады;

-затты,құбылысты, аңдарды сипаттайды, ролдерге боліп ертегі мазмұны бойынша ролдік ойындарды сомдайды

-картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (45-60 сөйлем).


Ертегілер  елінде

Факультатив курсының бағдарламасы.

(Аптасына- 1 сағат, жылына- 34 сағат)


Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Алтын сақа

1

04.09

2

Үш шебер

1

11.09

3

Кім күшті?

1

18.09

4

Қорқақ қоян

1

25.09

5

Жиренше шешен сахналық көрініс

1

02.10

6

Мақта қыз

1

09.10

7-8

Керқұла атты Кендебай

2

16,23.10

9

Екі дос

1

30.10

10-11

Тазша бала

2

13,20.11

12-13

Қырық өтірік

2

27.11-4.12

14

Қызыл телпек

1

11.12

15-16

Күлше қыз

2

18-25.12

17-18

Шалқан ертегісі

2

15-22.01

19

Күшік пен мысық

1

29.01

20

Не үлкен?     Ертегі құрастыру

1

05.02

21-22

Ғажайып бақ

2

12-19.02

23

Қанбақ шал

1

26.02

24

Ұр,тоқпақ

1

05.03

25

«Жеті лақ» етегісін сахналау

1

12.03

26

Ертегілер еліне саяхат  

1

19.03

27

Арлы бала

1

02.04

28

Аяз би

1

09.04

29

Ер Төстік

1

16.04

30

Толағай ертегісі

1

23.04

31

Түлкі мен ешкі

1

30.04

32

«Қасқыр, түлкі, әтеш»

1

7.05

33

Құмырсқа қанағаты

1

14.05

34

Қайталау

1

21.05






Пайдалынған әдебиеттер тізімі:

  1. Көркем әдебиет, әдістемелік құрал «Аруна» баспасы

     2.«Ертегі сыр шертеді» балаларға арналған ертегілер жиынтығы.

      3.Мектепке дейінгі білім-тәрбие әдістемесі, № 1,2 2014ж.

      4.Ерте,ерте,ертеде Журнал Педагогика пресс

     5. Балдырған Журнал Алматы, 1998