Психолог жұмысының есебі » Бақанас мектеп - интернаты
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің
«Бақанас мектеп – интернаты»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-91-4-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 73-95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2022

Психолог жұмысының есебі

«Бақанас мектеп – интернаты» Психологиялық жұмыстың І жарты жылдық бойынша есебі 2020 – 2021 жыл. Психологиялық диагностикалық бағыт бойынша қыркүйек және қазан айларында оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында бірінші сынып оқушыларынан «Керн -Йирасек» тесті, 5-11 сынып оқушыларына «Мектеп суреті» жобалау әдістемесі, баланың мектепке бейімделуін анықтау мақсатында «Жануарлар мектебі» әдістемесі, бесінші сынып оқушыларының оқу мотивациясын тексеруге арналған Н.Г.Лусканов бойынша сауалнама, тұлғалық ерекшелікті анықтауға арналған 5-11 сынып оқушыларынан сауалнамалар, оқушылардың өзін – өзі бағалауларын анықтауға байланысты «Мен қандаймын» сауалнамасы алынды. Қараша және желтоқсан айларында баланың ерік саласындағы даму деңгейін анықтауға байланысты 1-сынып оқушыларынан «Графикалық диктант» әдістемесі, таным процестерін анықтауға байланысты 1-11 сыныптардан «Ойлан, тап», «Белгілерді орналастыру», «Өз ойыңнан сурет сал», «Артығын тап» әдістемелері және сыныптағы өзара қарым-қатынасты анықтауға байланыс «Социометрия» әдістемесі алынды. Түзету-дамыту және ағартушылық бағыттары бойынша: Қыркүйек және қазан айларында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Жақсы қарым - қатынас» жаттығуы, «Бірінші рет 5- сыныпқа» психологиялық сабақ, «Қарым – қатынасты дұрыс құруға үйренеміз» әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Қараша және желтоқсан айларынды есте сақтауды жақсартуға байланысты «Есте сақтаудың белсенді әдістері» психологиялық кеңес, «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» психологиялық сабақ, «Есірткі, темекінің адам өміріне зияны» ақпараттық сағат өткізілді. Құқық бұзушылықты алдын алуға байланысты «Өзіңді сүю – өмірді сүю», «Сенім – менің серігім» атты психологиялық сабақтар мен «Айқын мақсат адамды адастырмайды» атты мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Жасөспірімдер арасындағы суицидті алдын алуға байланысты: жабығу күйінде жүрген жасөспірімдермен кеңес беру, әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. «Айзенк сұрақнамасы» ,«Сіздің отбасыңыздағы орныңыз» проективті әдістеме (А.Ассингер), «Суицид тәуекелінің картасы» әдісі (Л.Б. Шнейдер) әдістемелері өткізілді. Мектеп оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін», «Өмір-қымбат сый», «Өзіңді сүю, өміріңді сүю», «Мен бақыттымын» атты психологиялық сабақтар өткізілді.