20
ноябрь
2017
Денсаулық фестивалі
Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму Стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі денсаулық, білім алу мен Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, оны жүзеге асыру негізінде, ел халқының көпшілігінде салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының қолдауымен қазақстандықтар арасында оны насихаттау мақсатында 1999 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында республиканың барлық өңірлерінде туылғаннан қарттық жасқа дейінгі халыққа арналған шынайы Денсаулық Мерекесі болатын «Денсаулық Фестивалі» өткізіліп келеді.Аталмыш шара біздің де мектебімізде барлық оқушылардың қатысуымен «Белсенді өмір – жүз жастық ұзақ ғұмыр!» тақырыбында кең ауқымды түрде өткізілді.
Денсаулық фестивалін мектеп директоры К.Ахмадиева ашып мерекеге қатысушыларды құттықтады. Қатысушылар әр түрлі спорт түрінен сайысқа түсіп, жаттығулар жасап, сазды әуенмен заманауи би, флешмоб биледі. Спорттық шараға белсене қатысқан оқушыларымыз әр түрлі жүлделі орындарды иеленіп, арнайы мақтау қағаздарымен мараптталды. Мектебімізде «Денсаулық апталығы» ұйымшылдықпен өтті.
Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы. Сондықтан, мұндай шараның оқушылар арасында салуатты өмір салтын қалыптастыруға тигізер септігі мол.