Медициналық қызмет » Бақанас мектеп - интернаты
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің
«Бақанас мектеп – интернаты»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-91-4-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 73-95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Медициналық қызмет
26
апрель
2022

Медициналық қызмет



  

«Бақанас мектеп-интернаты» МКМ

ХАТТАМА №1


                                                                                 « 10» желтоқсан  2021 жыл

Қатысқандар : Мұғалім, тәрбиешілер, оқушылар, ата-ана комитетінің төрайымы; Тұрдығұлова Жанар


Күн тәртібінде:

1.Алматы облысында халықты :коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати». (Пфайзер,АҚШ)  РНҚ-вакцинациясымен  жургізуre іс -шapaлap жоспарын түсіндіру


2.Медициналық қызметкерлері пандемия жағдайына КВИ-ге  

қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы педогогтарға, 

 ата-аналарға, оқушыларға  ақпараттық түсіндіру жұмысын өткізу;



   Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп  директорының м у а Г.Абиева    хабарлама жасады.

Алматы облысында халықты коронавирустық инфекциядан қарсы вакцинациялауды «Комирнати», (Пфайзер, АҚШ) РНҚ вакцинациясымен жургізуre іс -шapaлap жоспарымен таныстырылды. Атап айтсақ, жасөспірімдер арасындағы КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша педогогтарға, ата-аналарға, оқушыларға  12-18 жас аралығында жасөспірімдерді рет-ретімен вакцинациялау ұйымдастырылғаны айтылды.



  

Екінші мәселе бойынша мектебіміздің дәрігері Абай Серікұлы хабарлама жасады.

   Түсіндіру барысында коронавирус жұқпасы (КВЖ) – SARS CoV-2 коронавирустар тұқымы вирусының жаңа штаммы тудыратын, аэрозольдық-тамшы және тұрмыстық қатынас арқылы берілетін, өкпе тініне тропты өткір жұқпалы ауру, ауру белгісі білінбей вирус әкелушіліктен бастап, уланумен, ауыр өткір респираторлық дистресс-синдром мен сепсистің даму тәуекелі бар пневмонияға дейін жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабыну процесімен сипатталатын аурудың клиникалық белгілері бар нысандарымен өтеді. COVID-19 вирусы: АӨРС (ауыр өткір респираторлық синдром) вирус-қоздырғышымен туыстас болып табылатын бета-коронавирус болып табылады. Инкубациялық кезеңі - 2-14 күн.

коронавирус туралы фактілер Ауру белгісі білінбейтін вирусәкелушілік (РНҚ ПТР SARS CoV-2) нәтижесі оң болғанда шағымның клиникалық белгілері мен объективті өзгерістердің жоқ болуы Балалардағы диагностикалық критерийлер: Шағымдар: дене қызуының көтерілуі; жөтел; Бастың ауруы (жиі жасы үлкен балаларда); диарея; әлсіздік, сылбырлық, жеңіл сырқаттану Ауыр өткен кезде: құрғақ жөтел;  демігу; жиіленген және қиынсына тыныстау; жүрек соғуының жиіленуі. Балалардың ауыр сырқаттану тәуекелі факторлары 1 жасқа дейінгі балалар; дене салмағы жеткіліксіз (30%-дан аса), рахитпен, темір тапшылығы анемиясымен, қолқа демікпесімен ауыратын, жүрек ақауы, эндокриндік, шығару жүйелерінің паталогиясы, гемоглобинопатия, метаболикалық синдром, онкоаурулары бар балалар; әртүрлі генезді иммун тапшылығы жағдайы (пневмония 1,5 есе жиірек тіркеледі); коинфекция (риносинцитиалды вирус, риновирус, бокавирус, аденовирус), бұл ауруды қиындатады және респираторлық жолдың төменгі бөлімдерінің зақымдануына әкеледі (пневмония,бронхиолит)

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер салдыра алады.

  



  

 Шешім


  1. Жасөспірімдер арасындағы КВИ-ге қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша педогогтарға, ата-аналарға, оқушыларға  12-18 жас аралығында жасөспірімдерді рет-ретімен вакцинациялау ұйымдастырылсын.
  2. Жасөспірімдерді вакциналациялау тиісті білім беру ұйымдарында егу пунктілерінің жұмысын ұйымдастыруды жылыту, жарықтандыру, сумен жабдықтау, желдету бойынша жағдайларды қамтамассыз ете отырып, егілгендерді мединициналық бақылауларды (мүмкіндігінше білім беру ұйымның бірінші қабатында) қамтамассыз етілсін.



Хаттамашы:          Серікбаева К.А.