Ата-аналар жиналысының хаттамалары » Бақанас мектеп - интернаты
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің
«Бақанас мектеп – интернаты»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-91-4-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 73-95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысының хаттамалары
26
апрель
2022

Ата-аналар жиналысының хаттамалары


«Бақанас мектеп - интернаты» МКМ
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының
№1 хаттамасы

Өтілген күні: 29.10.2021 жылы сағат 11-00 де онлайн түрде жүргізілді.
Қатысқандар:
Жалпы оқушы саны:119
Мектеп әкімшілігі
Сынып тәрбиешілері
1-11 сынып ата-аналары

Күн тәртібінде:
1. Баяндама. Ата-ананың метептегі алатын орны
1.І тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі және тәрбиелік іс-шаралардың қорытындысы туралы
2.Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтын, өз-өзіне қол жұмсауды болдырмаудың алдын алу шаралары туралы
Абсат Н. Ә мектеп педагог-психологы
3.Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша ата-аналарға директордың тәрбие ісі жөніндегі оынбасары Серикбаева Камшат Ата-ананың метептегі алатын орны тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамадамада сынып жетекшінің міндетін ата-ананың міндетін түсіндіріп өтті.
Екінші мәселе бойынша мектеп директордың м.у.а Г.Ж. Абиева ата-аналармен сәлемдесіп, жиналыстың күн тәртібімен таныстырған соң,биылғы 2021-2022 оқу жылының 1 тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі қорытындысымен таныстырып өтті. Қорытынды бойынша қанша оқу озаты,оқу екпіндісі болғанын,оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткіштерімен таныстырды.Тоқсан аяғындағы оқушыларды қорытынды бақылау жұмыстарының өту,орындалу барысын толықтай баяндап берді.Сөз соңында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.А.Серикбаева сөз алды Мектептің,оқушының тәртібі жайлы және сыныптан тыс іс шара жұмыстарының өту,орындалу барысын толықтай баяндап берді.
Күзгі демалысқа шығуымызға орай қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау(өрт,су,жағажайға жалғыз бармауға, яғни ата-анасының рұқсатынсыз жолда жүрмеуге,ойнамауға ) және елімізде болып жатқан індеттен сақ болуымыз қажет екендігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге балаларды сабақ уақытысынан қалдырмау, тазалық сақтау, үнемі қолдарын жуып жүру, үнемі бетперде тағу керек екені айтылып өтілді.Ата-аналар тарапынан сұрақтар болған жоқ.
Екінші мәселе бойынша Абсат Н мектеп педагог-психологы ата-
аналарға өз-өзіне қол жұмсауды болдырмаудың алдын алу шаралары туралы мектеп педагог-психологы арнайы презентация,видеороликтер көрсетіп, пайдалы кеңестер берді.

3. Үшінші мәселе бойынша ағындағы мәселелерде түрлі мәселер айтылды.
Атап айтқанда ата-аналарға мектептің ішкі тәртібін түсіндіру және оқушылардың міндеттерімен таныстыру.
1. Ата-ана мектепке келгенде құнды заттарды оқушыға бермеу туралы жадынамамен таныстыру.
Атап айтқанда мектептің ішкі тәртібі енгізілген іс құжатында
VI бөлімінде оқушылардың міндеттері жазылған соның ішінде 6.8 тармағында оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейтіндігі жазылған.
2. Оқушыға мектепке қажетті құралдар берілуі туралы ақпарат алдын-ала беріледі.
3. Құнды заттарға артық ақша, смартфон, планшет,қымбат металды бұйымдар деп есептелінеді. Артық ақшаны тәрбиешіге ескертпестен тастап кетпеуге әдеттену.
4. ІІ тоқсанға оқушылар мектепке келгенде оқушылардың ұялы телефондарын алып келмеулерін ата-аналарға ескертіліп айтылды.





Шешім:
1. Сынып жетекші мен ата-ананың міндеттерін ережесі таныстырылды деп есептелінсін.
2. Оқушылардың 1 тоқсандағы үлгерімі мен тәртібінің қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
3. Өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелсін.
3. Ағындағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.


Жиналыс төрайымы: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Серикбаева К
Жиналыс хатшысы: М.С Чайзадина













«Бақанас мектеп - интернаты» МКМ
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының
№2 хаттамасы

Өтілген күні: 28.12.2021 жылы сағат 11-00 де онлайн түрде жүргізілді.
Қатысқандар:
Мектеп әкімшілігі
Сынып тәрбиешілері
1-11 сынып ата-аналары

Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың ІІ тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
2. «Отбасындағы қолайсыздық –құқық бұзушылықтың негізгі себебі

3.Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша ата-аналарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абиева Гаухар сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері оқушылар туралы айтты.
Екінші мәселе бойынша ата-аналарға директордың тәрбие ісі жөніндегі оынбасары Серикбаева Камшат хабарлама жасады. Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқықбұзушылық пен панасыздық жағдайын зерттеу;
Жыл сайын мектеп үрдісінде оқу жылы басынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, ата – аналар кеңесі, сынып жетекшілері, учаскелік полиция инспекторы қызметкерімен бірлесе отырып құқықтық тәрбие кеңесі құрылады. Кеңестің басты мақсаты – тәрбиеленушілердің құқықтық санасын кеңейту, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру және құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу. Бұл тәрбие кеңесіндегі топ мүшесінің әрқайсысы белгіленген жұмыс мазмұнына жауапты болып тағайындалады. Мысалы, психолог, әлеуметтік педагог және белгіленген сынып жетекшісі оқу жылы басынан әр сыныптың оқушыларына психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын, жас ерекшелігіне сәйкес түрлі сауалнамалар мен диагностикалар жүргізіледі. Нәтижесінде: жеке басымен басқа оқушыларға үлгі болатын, яғни, көшбасшылар тобы; Оқу үлгірімі жақсы, тәртіпті оқушылар яғни, белсенділер тобы; Сынып жетекшісінің бақылауын қажет ететін, яғни, үнемі назарға алынатын оқушылар тобы; Құқық бұзушылыққа бейім болуы ықтимал оқушылар тобына жіктелді. Соңғы екі топтың санатына жататын оқушылардың қатарынан көбіне әлеуметтік тұрмысының төмендігі байқалған отбасы балалары мен барлықпен өскен не киімі, не ішетіні жоқ ерке шолжаң өскен балалар, балаларына тиісті көңіл бөлмей, өз міндеттерін дұрыс атқармай жүрген ата-аналардың балалары, жетім немесе асыраушысының біреуінен айырылған жартылай жетім, яғни, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың табылатынын байқадық. Бұл жанұялармен мектеп директоры, учаскелік полиция бірлесе отырып, отбасының жағдайына қарай материалдық көмек беру, қажетті көмекті ұйымдастыруды жақсы жолға қойып отыр.
Мектебіміздегі өтетін тәрбиелік шара болсын, топтық жұмыстар немесе сайыстарға ең алдымен жоғарыда аталған отбасылардың балаларын қатыстыру дұрыс ұйымдастырылып келеді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден – бір жолы – бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру болса, осы бағыттағы жұмыстардың біздің мектебімізде оң жолға қойылғанын атап кетуге болады
Бала құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етудемін.
Шешім:
1.ІІ тоқсаның қорытындысы ата-аналарға таныстырылды деп есептелінсін.
2.Өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелсін.
3.Ағындағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған
жоқ.
Жиналыс төрайымы: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
К. Серикбаева
Жиналыс хатшысы: М.С Чайзадина



























«Бақанас мектеп - интернаты» МКМ
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының
Ата - аналар жиналысының
Хаттама № 4
Күні: 19.01.2022
Қатысуға тиіс.
Мектеп әкімшілігі
Сынып тәрбиешілері
1-11 сынып ата-аналары

Қатысқаны – 65
Күн тәртібінде:
1.Құқық бұзушылықтың алдын алу
2. Қауіпсіздік ережелері
3.Баланың қауіпсіздігін сақтау біздің міндетіміз
Тыңдалды:
1,2,3 мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтып өтті. «Бала құқықтары туралы» Қ.Р-ның Заңының 16 бабында балалар 14 жастан бастап , ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына және осіп жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығы мен психикалық жай күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай ақ мамандық алуға құқығы бар деп белгіленген. Аталған баптың 4- ші тармақшасында баланы ауыр қара жұмысқа , зиянды және еңбек жағдай қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс. Ауыр жұмыстарға енбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және өте қауіпті жұмыстарға 18 жасқа толмаған азамттардың еңбегін пайдалануға болмайтын өндірістер мен жұмыстар істеуге болмайды.Родниковка трассасында жол апатына ұшырауына байланысты видео көрсетіліп пікір алмасты.
Сөйлеушілер:
Тұрдығұлова Жанар (ата-ана): Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары хабарламасы бойынша,өткен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде толық мағұлмат алдық.Үнемі сынып жетекшісімен байланыс жасай отырып балаларымның қауіпсіздігін сақтаймыз.
Нуршымова Айгерім (ата-ана) хабарламасы бойынша балаларымыздың қауіпсіздігі маңызды іс.Әр ата-ана балдарының қай уақытта,қай жерде жүрген білуі керек.Сынып жетекшілерімен тығыз байланыс жасай отырып,балдарымызды бос уақытында мектептегі сыныптан тыс шараларға қатысуына жағдай жасап отырамын.



Шешімі:
1. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
2. Оқушылардың тәртібіне және қауіпсіздігіне сақтау мақсатында ата-аналармен тығыс байланыс жасап отыру.

Жиналыс төрайымы: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Серикбаева К
Хатшы: Чайзадина М