Азаматтық -патриоттық тәрбие » Бақанас мектеп - интернаты
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің
«Бақанас мектеп – интернаты»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-91-4-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 73-95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Азаматтық -патриоттық тәрбие
25
апрель
2022

Азаматтық -патриоттық тәрбие

2021-2022 оқу жылы бойынша «Бақанас мектеп-интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие атқарылған жұмыстар.


Бақанас мектеп -интернатында 1 ші қыркүйек Білім күніне орай арналған Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп отырған, 1 ші қыркүйек Білім күніне арналған ашық аспан аясында 1сынып пен 11 сынып арасында «Кел балалар оқылық » атты салтанатты жиыны өтті.


Мектеп табалдырығын ең алғаш аттаған оқушылар саны 11 оқушы, жетекшісі Тыныштықбаева Береке, тәрбиешісі Ахметова Алмагүл. Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Мектебіміздің директоры Акмолдаева Динара Нұржаханқызына құрметпен сөз берілді. Биылғы түлеп ұшқалы тұрған 11 сыныптар 1- ші сынып оқушыларына өз сыйлықтарын тарту етіп Серікбай Аружан өз тілегін айтып әліппе кітаптарын ұсынды. Балқаш аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Бөпешбаев Әліпбек Өтешбайұлы, ата-ана Есболғанова Алтынбала апа, мектеп директоры Акмолдаева Динара Нұржаханқызы , оқу ісі-жөніндегі орынбасары Абиева Гаухар Жанатқызы қатысты. Сөз кезегі беріліп өз тілек лебіздерін білдірді. Бірінші сынып оқушылары да құттықтау сөздерін айтып тақпақтарын ұсынды.

2-10 сыныптар арасында сыныптарында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатында әр сынып тәрбиешілері оқушыларға Қазақсатан Республикамыздың тәуелсіздігіне 30 жыл, Қазақсатан жетістіктері:
-1991 жылы 1- желтоқсанда ҚР президенті болып Н.Ә Назарбаев сайланғанын,
- 16- желтоқсанда ҚР тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланғанын,
- 2 қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшқандығы туралы,
- 30- тамызда еліміздің Аты Заңы жаңа Конституция қабылданды.
- 4- маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні.
- 6- шілде 1994 ж Астана күні
- 1993 ж 15-қараша ұлттық валюта теңге айналымға енгізілгені туралы,
-2019 ж 9- маусым Тәуелсіздік Қазақстан тарихында 2-ші президент Қасым Жомарт Кемелұлы сайланғандығын айтылып түсіндірілді. Оқушылардын кері байланыс алынды.
Азаматтық -патриоттық тәрбие

Қыркүйек айының 13 күні 9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша өтті. Дөңгелек үстелді 10 сынып оқушысы Нұрслан Ақерке жүргізді. Жүргізу барысында оқушылар тақырыпты ашу мақсатында ең алдымен бір-бірлеріне тақырыпқа сай сұрақтар қоя отырып дөңгелек үстел тақырыбын ашып берді. Оқушыларға адам құқықтарының декларациясы 30 баптан тұратын баптарын түсіндіріп және оқушыларға тапсырмалар берілді. Тапсырма осы түсіндірілген баптар бойынша оқушыларға сұрақтар үлестіріліп берілді. Оқушылар бір-бірлермен диологқа түсе отырып сұрақтарға жауап беріп отырды. Қорыта келгенде адам құқықтарын, құқық бұзушылықтың алдын алу керектігін ондай қадамдарға бармау керектігі аталып өтті.


Қыркүйек айының 20 күні 9-10 сынып оқушыларына«Бала құқығы мен міндеттері» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Танымдық сабақта «Бала құқықтары мен міндеттері» тақырыбында баяндама оқылды. «Бала құқығы конвенциясының маңызын, шығу тарихы түсіндірілді.«Біліп жүрейік!» «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы», «Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері» тақырыптарын түсіндіре отырып « Кім тапқыр» бөлімінде сұрақтар қойылып, оқушылардың ойы тыңдалды. Қортындылай келе оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Бала құқықтары мен міндеттерін атап өтті. Қойылған сұрақтарға жауап бере білді. Танамдық сабақ өз мақсатына жете білді.
Қыркүйек айының 27 күні 11 сынып тәрбиешісі Саркеева Асия 8-11 сынып оқушылар арасында «Жасөспірім және заң» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Жоспар бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты видео ролик көрсетілді және ол талқыланды. Жүргізуші тәрбиеші құқық туралы түсінік беріп өтті. «Тығырықтан шығатын жол қайсы» бөлімінде ситуациялық жағдайат оқушыларға ұсынылды. Оқушылар тығырықтан шығар жолды айту туралы құқықтық білімі мен сауаттылығын көрсете білді.
«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін » бөлімі арқылы оқушыларға түрлі сұрақтар қойылды оқушылар оған түрлі жауаптар ұсынды. Жауаптары түзетіліп көрермендер тарпынан толықтырулар орын алып жатты. «Заңсыз арал» бөлімінде әлемде заң болмаған жағдай қандай күн кешер едік. Қысқаша мәтін оқу және өз пікірлерімен бөлісу арқылы жалғасын тапты.«Қылмыскер бала қайдан шығады?» бөлімінде қатысушылар және көрермендер өздерінің «Бір сөйлем» әдісі арқылы түйінді ойларын айтты.Қорыта келе: Ж.Аймаутов «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі». деп отбасы мен мектептегі тәрбиеге салғырт қараму керектігі алға қойылды
Қазан айының 14 күні 9-10 сынып оқушыларына«Заң бәрімізге ортақ » тақырыбында пікірталас сабақ өткізілді. Пікірталасты 10 сынып тәрбиешісі Тасқынбаев Жангелді өткізді. Өткізу барысында 9-10 сынып оқушыларына ең алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Атап айтқанда Заң, құқықта жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт екенін атап айтты.


Қазан айының 22 күні «Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік-өмірінің қас жауы!» атты 5-сыныпта сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты:Балаларды кішіпейілділікке,үлкендерді сыйлауға,кішіге қамқор болуға көмектесуге үйрету,жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп,жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту,тіл байлығын,таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа,әдептілікке,сыпайылыққа баулу,көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.Сынып сағатына 9 оқушы қатысты.

Балалар сендер не білдіндер?
Адамның адамгершілік саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекеті анықтайтыны дәлелденген.Әдептілікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса бір маңызды бір саласы ұжымға,Отанға,қоғамға,еңбекке,өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы мінез-құлық жақсы әдет,жақсы әдеппен құралады. Адамның бойынан әдептілік,сыпайылық,ізеттілік қасиеттер табылса,әрине адам сымбатты парасатты көрінеді. Үлкенге құрмет-кішіге ізет көрсетуді дәріптейді - дей келе,сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Сынып сағатында алға қойған мақсатқа жетті, оқушылар «Тәртіп тәрбие бастауы,тәртіпсіздік өмірінің қас жауы» туралы толық мәліметтер алды. Сұлтанғазиева Нұр, Бақытбекқызы Аяулым,Абашова Эльмира,Ерікқызы Ақбота өз ойларын өте жақсы білдірді.
Қазан айының 28 күні тәрбиеші Жұмабаева Жадыра 8 сынып оқушылар арасында өткен «Құқық дегеніміз не?» атты тақырыпта баяндама арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Құқық ұғымның көптеген мәні бар.Ол заң ғылымында және күнделікті өмірде қолданылады.Адамдар арасындағы қарым қатынастың қоғамдағы демократиялық жолы тікелей құқықтық тәрбиеге байланысты.Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат жан –жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

16 қараша күні технология пәнінің мұғалімі Нұртай Назерке 8 сыныпқа «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбынан ашық сабақ өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға жеке тапсырмалар және жұптық тапсырмалар беріліп отырды. Сабақ өте жақсы өтті.


17 қараша күні биология пәнінің мұғалімі Қонғанбаева Бегзат 6 сыныпқа «Елі сүйген елін сүйген елбасы» тақырыбынан ашық сабақ өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып қызықты мәліметтерді түсіндіре білді.


29 қараша күні «Елі сүйген елін сүйген Елбасы» тақырыбы бойынша 1-11 сыныпқа ашық тәрбие сағаттары жүргізілді. Әр сынып тәрбиешілері ашық тәрбие сағаттарына тиімді әдіс-тәсілдерді сабақтарында қолдана отырып жоғарғы деңгейде өткізілді.





30 қараша күні «Елі сүйген елін сүйген Елбасы» тақырыбынан мерекелік кешті педогог ұйымдастырушы Серікбай Гүлжанат өткізді. Мерекелік кешке 6-8 сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.

10 желтоқсан күні 8сынып оқушылары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай « Тәуелсіздік тірегім» атты ашық тәрбие сағатын өтті.
Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасады. 30 жыл бойы жеткен жетістіктері, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенін түсіндірілді. Өскеленова Замира «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында баяндама оқып берді. Оқушылар Қайрат Рысқұлбеков өмірі жайында көрініс қойып, 8 сынып оқушысы Ахмет Есен Қайраттың ролін тамаша орындап шықты. Ахмет Есен актерлік шеберлігін өте жоғарғы деңгейде көрсетті. Оқушылардың өздерінің жан жақты қырларымен танылды. Калпанов Дилшат, Өскеленова Замира Жолдыбай Айша ән шырқаса, қыздарымыз би билеп өнерлерін көрсетті. Нұрсағатқызы Гүлназ, Ғазизқызы Аяжан өлең шумақтарын айтты. Сынып тәрбиешісі Жолбаева Жазира көрермен оқушыларға Қайрат жайында сұрақтар қоя отырып, оқушылармен диологқа түсе білді.
[center]




Желтоқсан айының 13 күні 1 сынып оқушылары мен 5 сынып оқушыларын «Жас қыран» «Жас ұлан» ұйымдарына қабылданды. 1-5 сынып оқушылары мектеп президентіне ант бере отырып оқушылары «Жас қыран» «Жас ұлан» ұйымдарына қабылданды.






Желтоқсан айының 14 күні 9-11 сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Камшат "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында таныстырлым өткізді. Таныстырлымды түсіндіру барысында 9 -11 сынып оқушылары белсене қатысып өз ойларын жеткізіп ашық білдіре білді. Атап айтқанда 11 сынып оқушысы Серікбай Аружан 10 сынып оқушысы Жанғазы Жанайым, Арайқызы Мадина 9 сынып оқушысы Хасен Аяулым қатысты.


Қаңтар айының 19 күні 9-10 сыныптар арасында дөңгелек үстел «Қылмыс және жауапкершілік» тақырыбы бойынша өтті. Дөңгелек үстелді 10 сынып оқушылары Жанғазы Жанайым, Жекебатыр Ақмарал жүргізді. Жүргізу барысында оқушылар тақырыпты ашу мақсатында ең алдымен бір-бірлеріне тақырыпқа сай сұрақтар қоя отырып дөңгелек үстел тақырыбын ашып берді. Оқушылар белсене қатысып өз ойларын жеткізе білді.