Рухани адамгершілік тәрбие » Бақанас мектеп - интернаты
«Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлеттік мекемесінің
«Бақанас мектеп – интернаты»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 73-91-4-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 73-95-0-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рухани адамгершілік тәрбие
25
апрель
2022

Рухани адамгершілік тәрбие

28 қыркүйек күні 5-6 сынып оқушыларына Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жылдығына арналған таныстырылым өткізілді. Оқушылар Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы бейне көрініс тамашалап, презентация көрді. Презентацияда ағартушы- педагогтің алғаш ашылған мектептері, орыс достары, аудармалары, шығармалары ,өлеңдері, кітаптарымен танысты.Қазіргі таңда Ы.Алтынсариннің атымен аталған мектептерді, музейлерін тамашалады. Таныстырылымнан кейін оқушылар кері байланыс жасап, ағартушының өлеңдерін жатқа айтты.
30 қыркүйек күні 7-8-9 сыныптар арасында Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жылдығына арналған «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» тақырыбындағы сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: жазушы, этнограф, Ы. Алтынсариннің өмірін, еңбектерін, шығармашылығын қаншалықты игергендерін сынау, тәрбиеленушілерді ұлы тұлғалар есімін қастерлеуге тәрбиелеу. Сыныптар 1-2-3 топ болып отырғызылды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
I кезең: «Ой анықтау» Бұл кезеңнің шарты бойынша 3 топқа ,бірдей 14 сұрақтанберіледі. Сұрақтар Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы бойынша болады. Жауаптары тексеріліп бал шығарылды.
II кезең: «Ой жалғау» «Адасқан сөзерді орнына қою». Адасқан сөздерді оқушылар орнына қойды.
III кезең: «Ой іздену» деп аталды. Бұнда Ы. Алтынсариннің шығармаларының кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қойылып сұрақтар үш топқа ортақ берілді. Қай топ шапшаң болса, сол топтың ғана жауабы есепке алынды.
IV кезең «Ой толғау» деп аталды. Бұнда үш топқа постер сызу ұсынылды. Ол постерге үш түрлі тақырып беріледі топтар тақырыптарын қорғады. Сонымен қатар топ басшысы өздерінің осы тақырыптағы көзқарасын қорғап шығуға тиіс болды. Бұнда шешендік өнер сынға түсті. Постер қорғауда ерекше постер қорғаған 9 сынып оқушылары болды. Қазылар алқасы таныстырылып. Топтардың берген дұрыс жауаптары баллмен есептелінді. Қазылар алқасының қорытынды бағасымен 3-топ 8сынып оқушылары 1 орынды, 1-топ 9-сынып оқушылары 2 орынды, 2-топ 7сынып оқушылары 3 орынды иеленді. Сайыс соңында оқушылар марапатталды.
Қазан айының 5-ші жұлдызында ұйымдастырылған «Ұлылықтың ұйытқысы ұстаз»атты тақырыпқа арналған Мектеп –интернатымызда қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі өтті. Мереке қарсаңында іс-шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап салтанатты кеш жасап, өз өнерлерін көрсетті.
Мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Абиева Гаухар Жанатқызына сөз кезегі беріліп. Ұстаздарымызды құттықтап жеткен жетістіктерімен марапаттады.
Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында тарих пәнінің мұғалімі Досымбекова Ақжан 9 сыныпқа « Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы» орай осы тақырып бойынша үлгі сабақ өткізді. Сабақта оқушылар берілген тапсырмаларды орындап диологқа түсіп кері байланыс орната білді. Сабақ қызықты әрі жоғарғы деңгейде өтті.
8 ақпан күні «Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына» орай 5-10 сынып оқушылар арасында жоба қорғады. Жобаға 5 сынып оқушысы Аяулым, 8 сынып оқушылары Есен,Айша, Замира қатыса, 9 сынып оқушысы Шинкоренко Фергат қатысып үздік жобамен марапатталды.