Қазақстан халқы тілдері күні — 5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке

5-ші қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні.1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22-қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасындағы мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметінің қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы тілдер күні 5-қыркүйекте аталып өтіледі. Тілдер мерекесінің датасы өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн –«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арасы . ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

«Ергер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тілімізді де сақталу қамын қатар ойлау керек,»-деген Ахмет Байтұрсынұлы.
Осы тілдер мерекесіне арнап 1-11 сыныптар арасында онкүндік апталығының жоспар жасалып тілдер мерекесін өткіздік . «Мәңгілік ел –мәңгілік тіл» атты тақырыпта Қазақ тілде, Орыс тілде және Ағылшын тілдерінде тіл апталғының ашылуы болды. 9- сынып оқушысы Тленшиева Сезім қазақ тілінен, Шикоренко Фиргат ағылшын тілінен және орыс тілінен лездеме оқылды.
«1001 мақал-101 жұмбақ» Қазақ тілі пән мұғалімдері Султанбекова А, Чайзадина М 5- 6 сыныптар арасында мақал- мәтелдер сайсын өткізді.
«Train your brain» атты тақырыпта ағылшын пәні мұғалімі Ахметова А.
7-8 сыныптар арасында ағылшын тілінде интелектуалды ойын өткізді.


Педагог-ұйымдастырушысы Серікбай Г «Қазақ тілі қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде ме?» деген тақырыпта дебаттық пікірталас сайысын 9-10 сыныптар арасында өткізді.
Орыс тілі пән мұғалімі Ракишева М 8-9 сыныптар арасында « Великий и могучий русский язык» тақырыбында интелектуалдық сайыс өтті.

Кітапханашы Шулгаубаева Ж 8 -сынып арасында «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»тілдер туралы өлеңдері жатқа айтылып және көрме ұйымдастырылды.

«Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты тақырыпқа 11 сыныптар арасында эссе жазылды. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында 1-2 сыныптар Чайзадина М, Ахметова А мәнерлеп оқудан сайыс өткізді. «Тіл ұлттың жаны» Дәткерова А, Кадирбекова М тілдер туралы тақпақтарды жатқа айту сайысын өткізді.