Өнерге қанат қаққандар
Таяуда Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау қоры ұйымдастырған Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биінен республикалық балалар фестивалі өтті. Аталмыш фестивальға Бақанас мектеп – интернаты жанынан құралған «Алау», «Жайна» би топтары қатысып жүлдемен оралды.Би топтарын дайындап жүрген хореограф Химитова Гухарбуви бұдан бұрын да ауданның жас бишілерін түрлі сайыстарға қосып жүлделі орындарға қол жеткізіп жүрген өнерпаз жастың бірі. Бұл фестивальға 37 би топтары мен өнер мектебі ұжымдары қатысты.Осындай өнер мектептерімен қатар тізе қосып сайысқа түсу үлкен ерлікпен пара-пар. 15-18 жас аралығында «Қазақ биі» номинациясында «Алау» би тобы лауреат атағын иемденіп, ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, ІІ-дәрежелі дипломмен осы би топтарын ұйымдастырып, үздік би қойылымын қойғаны үшін хореограф Химитова Гухарбуви марапатталды. «Жайна» би тобы фестивальға қатысқаны үшін дипломымен марапатталды. Оқушылардың сайыстарға қатысуына, би киімдерін дайындауға, жолдарына демеушілік көрсетіп отырған Бақанас мектеп – интернатының директоры К.Ахмадиеваға алғыс білдіреміз.Өнерге қанат қаққан жас өнерпаздардың қанатын қайырмай керісінше қолдап, баптай түссе әлі талай асулардан өтіп жеңістің туын желбіретері сөзсіз.Жас өнерпаздарға тек қана алға дегіміз келеді.






