26
апрель
2022
Азаматтық патриоттық тәрбие
Қыркүйек айының 13 күні 9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша өтті. Дөңгелек үстелді 10 сынып оқушысы Нұрслан Ақерке жүргізді. Жүргізу барысында оқушылар тақырыпты ашу мақсатында ең алдымен бір-бірлеріне тақырыпқа сай сұрақтар қоя отырып дөңгелек үстел тақырыбын ашып берді. Оқушыларға адам құқықтарының декларациясы 30 баптан тұратын баптарын түсіндіріп және оқушыларға тапсырмалар берілді. Тапсырма осы түсіндірілген баптар бойынша оқушыларға сұрақтар үлестіріліп берілді. Оқушылар бір-бірлермен диологқа түсе отырып сұрақтарға жауап беріп отырды. Қорыта келгенде адам құқықтарын, құқық бұзушылықтың алдын алу керектігін ондай қадамдарға бармау керектігі аталып өтті.




